Тілді үндестіре оқытудың маңызы зор

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_42_42-2019_17.jpgКөптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.


Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде: «Ағылшын тілінің қажеттілігі- әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы.
Осындай жаңа заман мұғалімінің бірі - Тобыл орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Динара Ахметқызы Құттықбаева күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында, әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отырады. Сабақ барысында Динара Ахметқызы химиялық элементтердің периодтық кестесін жалпы түсінікті үш тілде мәтін ретінде бере отырып, үш тілді қолдану арқылы тапсырмалар береді.
Химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы, оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Осының барлығын негізге ала отырып, химия пәнін үш тілді үндестіре оқытудың маңызы да зор.
Қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане