Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_42_42-2019_3.jpgХалқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан.


Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойындар осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл - ойының толысуына, есейіп, өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Б.Майлин ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Тобыл орта мектебінде аудан оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Жеткіншектер ұлттық ойындардың бірнеше түрінен бақтарын сынасып көрді. Олар тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, бес тас, өгіз тартыс сияқты жиналғандар үшін таңсық ойын түрлері болды. Бұл ойын түрлері- қазақтың ұлттық спорт ойындарын насихаттау, қазақ халқының дәстүрлі ойыны арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, мергендікке, ептілікке, шапшаңдыққа, салауатты өмір салтына баулу.
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртуды мақсат еткен спорттық жарысқа 14 мектептен 98 оқушы ,14 денешынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Ұлттық спорттың 5 түрі бойынша 1-орынды Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі, 2-орынды Набережный орта мектебі, 3-орынды Б.Майлин атындағы орта мектебі жеңіп алды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мадақтамалармен марапатталды.
Ұйымдастырылған жарыстың мақсаты- оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спортқа деген ынталарын оята отырып, ой- өрістерін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдейді.
Сонымен, ұлттық ойындар - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане