Ұстаз - ұлы тұлға

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_43_43-2019_6.jpgҰстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма ақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы, өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште. Ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмес, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.


Ата-анамыз біз өмірге келген күннен бастап: жүріп-тұруға, оқуға, санауға, жаза білуге, қоғамдық орындарда өзімізді қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Алайда, ата-ананың үйде берілген тәрбиесі жеткіліксіз, өйткені олар балаға өзінің нәрестесі ретінде қарайды. Ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер, ар-ұятты бойға сіңірер бірде-бір адам болса, ол – ұстаз. Ал, мектептегі ұстаз балаға жеке адам, тұлға ретінде қарайды.
Әр уақытта ұстаз шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек білім ғана емес, сонымен қатар бойындағы бар мейір- шапағатын аямай, олардың екінші ата-анасы ретінде қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына шығаруға бар күш-жігерін жұмсағанда, білім беру жүйесінде «Қазақстанның болашағы — жастарымыз» үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осындай тұлғалардың бірі Тобыл орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, биология пәнінің мұғалімі Алиева Гүльнар Расулқызы.
Гүльнар Расулқызы білім беру жүйесінде 16 жылдан астам жұмыс жасаған, Тобыл орта мектебінде 5 жылдай ұстаздық етеді. «Үздік бірлестік жетекшісі -2014» конкурсының облыстық кезеңінде 1-орын, 2015 жылы – облыстық биология мұғалімдеріне арналған экологиялық викторина 2-орын жеңімпазы. 2015 жылы – «Шығармашыл ұстаз» облыстық конкурсының жеңімпазы, облыстық «Ең үздік биология кабинеті» 1-орын иегері, 2016 жылы – үшінші деңгей сертификатталған мұғалімдер арасында өткізілген облыстық «Үздік электронды портфолио» 2-орын иегері атанды.
2017 жылы – Польша қаласында өткен халықаралық сырттай ғылыми-практикалық конференцияда «Жаңартылған білім беру мазмұны – биология пәнінде» тақырыбында іс-тәжірибе таратты. Сол жылы облыстық «Мұғалім көшбасшылығы» байқауы 1-орын жеңімпазы болды.
2018 жылы – «Үздік сындарлы сабақ» облыстық байқау жеңімпазы мен республикалық «Үздік коучинг-2018» байқауы 1-орынды иеленді.
2018 жылы –«IAN AMOS COMENIUS» медальмен , ал 2019 жылы – «Қазақстанның үздік ұстазы» орденін иеленді.
Алиева Гульнар Расуловна- Нұр-Сұлтан қаласындағы «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясының» мүшесі. 2018 жылы Қостанай облысы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектеп тренерлері курсын тәмамдаған. 2018 жылы «Мектептегі көшбасшылық» екінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтап, 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы «Білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру» курсын оқиды.
Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен елеулі жетістіктері үшін қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен, республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен, жас ұрпаққа білім беруі мен білімге қосқан үлесі үшін аудандық білім беру басшысының мадақтамасымен, ал 2019 жылы – халықаралық деңгейде олимпиадалар мен республикалық конкурстарға қатынасқаны үшін халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясының Алғыс хатымен марапатталды. 2019 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен» марапатталды.
Гүльнар Расулқызы: - Сапалы білім негізі - ол жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Осы бағытта Қазақстанда ұстаздар үшін біліктілікті арттырудың курсын оқытуды қолға алды. Осы курста қазіргі таңда қаншама ұстаздар білім деңгейін арттыруда. Күнде қарыштап дамып , дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек . «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашығыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!»-дейді. Ендеше, біздің білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгеріс орынды .
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Ендеше,өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін Гүльнар Расулқызының жөні де, жолы да бөлек.
Гүльнар Расулқызы, шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіз, шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін! Жолдасың Игілік әр уақытта қолдап, балапандарыңыздың қызығын көріңіз!!!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане