«Ажар» мешітінде сенбілік өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_44_44-2019_2.jpgДініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. Күнделікті тұтынатын тағамы мен киімі, жұмыс орны, жүрген айналасы т.б. қажеттіліктері таза болмаса, адам жаны мазасызданады. Ал исламдағы парыз амалдарды тазалықсыз атқару мүлде мүмкін емес.


Сенбі күні,яғни 26 қазан күні Тобыл кенті «Ажар» мешітінде сенбілік ұйымдастырылды. «Тазалық – иманның жартысы». Қоршаған ортаның тазалығына аса маңыз беріп қарауды дініміз қуаттайды, шариғатымыз дәріптейді. Сондықтан да, мұндай дәстүрлі шараға Мешіт жамағаты бір үйдің балаларындай атсалысып, ер азаматтар мешіт ауласын қоқыстан, кесінді ағаш бұтақтарынан, түскен жапырақтардан тазартып, тырмалады, келесі жылға гүлдер мен көшеттерге орын дайындалып, қопсытылды. Мешіт айналасын тап-таза етіп жинастырды. Тазалық жұмыстарының соңында мешіттің имамы Бекмағанбетов Жасұлан Серікбайұлы Құран оқып, біріккен іске береке берген Жаратқанға мадақ айтылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане