«Көшбасшы педагог-2019»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_44_44-2019_1.jpg«Халықаралық экология, инженерия және педагогикалық ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының жылдық

жоспарына сәйкес 5 қыркүйек пен 7 қазан аралығында «Көшбасшы педагог - 2019» портфолиосы байқауы өтті.
Конкурс нәтижесінде жеңімпаздар қатарына Антонина Анатольевна Пархоменко кірді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң білім алады. Абай атамыз айтқандай, «Неге арналсаң, соны істе» – деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Мамандық таңдау деген-өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Осындай мамандықты таңдай білген Береговой орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Антонина Анатольевна Пархоменко. «Көшбасшы педагог 2019» І Халықаралық партфолио сайсына қатысып, Нұрсұлтан қаласында «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясы» қоғамдық қорының төрағасы Төремұратов Талғат Мұқанбетұлынан Алғыс хат, «Көшбасшы педагог 2019» Ұлттық Сертификат және «Алтын қанат» төсбелгісімен марапатталды. Осынау жоғары жетістігімен құттықтаймыз!
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт,- дейді. Антонина Анатольевна, себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, – дейді. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр мұғалімнің бақыты. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулуы» деген ұлы Абай.Антонина ханым қысқаша байқау туралы айтып өтті: «Менің ойымша, мұндай конкурстар мұғалімдер арасында жиі өткізілуі тиіс. Барлық педагогтар әртүрлі. Біз аз уақыт кезеңінде жұмыс істеген мұғалімдердің тәжірибесін алуға тиіспіз. Қазіргі уақытта ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұстаздарға зор міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңашылдықтар орын алуда. Ұстаз көштен қалмаса, ұрпақ озады. Білімді шәкірттеріміз көп болғай,»-дейді.
Ауданымыздың намысын қорғап, 150 ұстаздың ішінен жүйрік атанған Антонина Анатольевнаның еңбегіне жеміс, толағай табыс тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане