Қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сол сияқты транспорттық инфрақұрылым обьектілерін төсеу және пайдалану мақсатында, Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 7,1881 гектар жер учаскесіне қосымшаға сәйкес, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен мына тәртіпте қамтамасыз етілсін:
1) аймақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы Аты-жөні


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане