«Тұңғыш Президент - мақтанышым!»

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет - елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде 29 қараша күні 1 желтоқсан-Президент күніне «Тұңғыш Президент –мақтанышым!» атты салтанатты концерт болып өтті. Тобыл кенті әкімі атынан салтанатты түрде мадақтамалар табыс етілді. Концертті «Даймондс» би ұжымы ашып, «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздары және патриоттық әндер байқауында жүлделі орынға ие болған мектеп оқушылары Қазақстанымыз, еліміз, жеріміз туралы әндер шырқап, күй шертілді. Көрермен кауым көркемөнерпаздарға және ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Тобыл селолық кітапханасы «Көшбасшы- тарих толқынында» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмірі мен ел жетістіктері халық назарына ұсынды.
Тұңғыш Президентімізді мақтан тұтамыз! Ел басына денсаулық тілей отырып, еліміз тыныш, бауырымыз бүтін, ел іргесі сөгілмей, бейбітшілік жасасын демекпіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане