Аудандық партиялық актив отырысы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_49_IMG_1.jpgАудан әкімінің мәжіліс залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Елордамызда 25 қарашада Елбасының төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары өкілдері кеңесінің қорытындыларына арналған аудандық партиялық актив отырысы өтті.
Жиынға Бейімбет Майлин ауданы әкімі Куандық Испергенов, саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары – фракция мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, мемлекеттік органдар, жастар және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында, негізінен, Елбасы тапсырмаларының және «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасының орындалуы жөнінде бірнеше мәселелер қаралды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова партиялық бағдарламаның жалпы өңірлік деңгейдегі іске асырылуы жөнінде ой қозғады.
– Аудандық филиал тарапынан «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын орындау мақсатында бірқатар жұмыс жүргізілуде.
Аудандық мәслихат хатшысы С.Сапабеков, ең алдымен, депутаттардың жұмысын күшейту қажеттілігін айтты.
Әрбір әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі түрде күшейту, бөлінетін қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз ету, мәслихаттардағы депутаттар белсенді жұмыс жүргізіп, халықпен кездесіп, олардың мәселелерін шешуге, БАҚ үшін ашық болуға, «жаңа медиада» жұмыс істеуге тиіс - деді.
Партия бағдарламасы 7 серпінінің бірі болып табылатын депутаттар тарапынан партиялық жауапкершілікті күшейту жөнінде аудан мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Наталья Руднева сөз сөйледі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане