Форум: «Мамандықтар әлемін ашамыз»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_5_5-2020_1.jpg29-шы қаңтар күні С.Ерғалиев атындағы мектебінің қабырғасында мектеп оқушыларына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты облыстық форум өтті.


Форум “Осындай мамандық бар” – Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасына қажетті және сұранысқа ие балалардың компьютерлік презентациялар конкурсы, “Мамандықты таңдау уақыты” – жобалар конкурсы (бейнетүсірілім) – нақты мамандық бойынша зерттеу жұмыстары ұсынылады: “Мен – мамандықтар әлемінде ” – әдеби конкурс (эссе), “Мамандық – кеше, бүгін, ертең” Жайдарман сайыстары номинациялары бойынша ұйымдастырылды. Аталмыш шараға аудандық форумдардың белсенді жастары қатысты.
«Форумның басты мақсаты-балаларға болашақ мамандығын таңдауда жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру болып табылады. Жастардың белсенділігін арттырып, болашаққа деген қадамдары нық болып, мамандықтарын дұрыс таңдасын деген оймен осы форумды іске асырып отырмыз»,- дейді білім бөлімінің әдіскері Ырсалды Жармухамбетова.
Аталмыш форумда жеңіске жеткен оқушыларымыз да болды. Атап айтсақ, Данна Хусаинова, Қасымжомарт Молдабаев, Бейімбет Байдрахманов, Нагима Фарвазова және «Переулок Майлина» Бейімбет Майлин атындағы ОМ командасы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане