Абай өлеңдерін оқу флешмобы жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_6_6-2020_1.jpgInstagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны жалғасуда.


Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Бұл челленджден ауданымыздың мектеп оқушылары, әсіресе, мектепалды даярлық сыныбының оқушылары және де бастауыш сынып оқушылары тасада қалмады. «Абай-қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан-жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді. Сондықтан Абай атамыздың өлеңдерін бүлдіршіндеріміздің ой-санасына сіңдіріп, әрі қарай дамыту біздің міндет деп білеміз»,- дейді мектеп мұғалімдері. С.Ерғалиев атындағы орта мектебінің оқушылары бүгінде республикалық деңгейдегі челленджді қолдап, Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтып, бейнекөрініс түсіріп жатыр.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане