«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_7_7-2020_2.jpgБұл педагогикалық олимпиада педагогтың жеке шығармашылық кеңістігін шоғырландыруға, зерттеушілік-ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік береді.


18-ші ақпан күні білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен С.Ерғалиев атындағы орта мектебі қабырғасында «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өткен болатын. «Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» – деген ұлы даналарымыз. Олай болса, бұл аудандық іріктеу турында педагогтер өздерінің жан – жақты кәсіби шеберліктерін танытып, шығармашылықтарымен бөлісіп, заманауи технологиялар мен ақпараттық бағдарламаларды қалай пайдаланып, іске асырып жатқандарын жан – жақты талқылап өтті.
Жалпы олимпиадаға 15 педагог қатысып, бақ сынасты.
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» – дегендей әр қатысушы педагог, тәлімгерлер үшін бұл байқаудың берері көп. Әр адамның тәжірибесімен танысып, сараптап, ой бөлісу бүгінгі біздің қоғамда маңызы зор деп ойлаймыз.
Олимпиада мазмұны шынай білім беру үдерісі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлігін көрсетуге, кәсіби педагогикалық қызмет аясында педагогтың шығармашылық өзін-өзі таныту және өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарастырады.
Қорытындылай келе, жас мамандар арасында 1 –ші орын- Сапар Ерғалиев атындағы ОМ-нің география пәні мұғалімі Тұралы Орынбайұлы, 2-ші орын- Бейімбет Майлин атындағы ОМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Альмира Сандыгулова, 3-ші орын-Тобыл ОМ-нің Сания Ережепова бастауыш сынып мұғалімі, 3 –ші орын-Красносельск ОМ-нің Татьяна Агунькина орыс тілі және әдебиет мұғалімі. Оқушылар арасында 1-ші орын-Май ОМ, 2-ші орын- Сапар Ерғалиев атындағы ОМ, 2-ші орын- Бейімбет Майлин атындағы ОМ, 3-ші орын-Юбилейный ОМ иеленді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане