Аға ұрпаққа алғыс айтамыз

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_8_8-2020_7.jpgҚазақ даласы қашанда ұлыларға кенде емес. Үлкенге құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың парызы дей отырып, жастарымыз қарияларымызға өз көмектерін көрсетуден жалыққан емес.


Жастардың айтуынша, Елге еңбегі сіңген батыр ата-әжелерімізге қолдау көрсету және қоғамда оларға деген құрметті қалыптастыру — басты міндет.
-Біз ел естілерін ұмытпауға тиістіміз. Оларға бас иіп, төрден орын ұсынуымыз жөн. Қолымыздан келген көмекті де аямауымыз керек. Жақында өткен «Біз біргеміз» атты челленджге белсене атсалысып, жастар болып, ауданымыздың қарияларына көмек көрсетіп, бораннан кейінгі қалың қарды тазаладық. Айтарымыз, әрдайым қарттарымыздың денсаулықтары мықты боп, әр күндері мерекеге толып, немерелері мен балаларының қызықтарына тоймай, жүздерінен күлкі кетпей, аман-сау боп жүре берсін демекшіміз, – дейді Тұралы Орынбай.
Қарт көңілі кіршіксіз таза, жан дүниесі еңбек бағыттарының әр қырын бағындырған, баға жетпес өмір белестерінен алтын ой түйген ата-әжелеріміз. Өмірлерінің осы балауса тынық шағында, жас ұрпақтың өздеріне деген ыстық ықылас сезімін сезіну, олар үшін теңсіз бақыт және олардың күнделікті өмірлеріне кішкене болса да шуақ сыйлау- біз үшін де үлкен мәртебе.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане