Күмістен алқа тақты

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_10_10-2020_9.jpgӘлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары. 6 баланы туып, тәрбиелеп, өсіріп отырған көпбалалы ана Гүлнұр Серикбаевна Таменова «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.


Бала-шағасының ортасында бал-бұл жанған қуанышты сәттің басты кейіпкері күмістен алқа тағынды. Елизаветин ауылында тұратын Гүлнұр Таменова өмірде өзін ең бақытты ана санайды. «Әр баланың өз несібесі болады. Сондықтан, бала босанудан қашпау керек»,- дейді көпбалалы ана. Гүлнұр ханым өзі Өзбекстан Республикасының тумасы. 2014 жылы туған жері Қазақстанға көшіп келген екен. Сол уақыттан бастап Елизаветин ауылында тұрып жатыр. Қазірде ол алты бірдей ұл-қызды тәрбиелеп отырған батыр аналарымыздың бірі. Гүлнұр ханымның балалары еңбекқорлығымен, адамгершіліктерімен ерекшеленетінін түсіндік. Ауыл тұрғындары Гүлнұр Таменованың отбасына қарапайымдылығы, жан-жақтылығы, қайырымдылығы үшін құрметпен қарайды.
Бүгінгі таңда Гүлнұр ханым мен Есен мырзаның тұңғыштары Нұрсила-Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті. Ал, екінші қыздары Диана Теміртау қаласындағы жоғарғы медициналық колледжіне былтыр оқуға түскен. Диана- 2018 жылдан бастап дзюдодан спорт шеберіне үміткер, осы спорт түрі бойынша республикалық турнирлердің жүлдегері, Қостанай облысы бойынша чемпионаттың күміс жүлдегері. Ұлы Азамат-Набережный орта мектебінің 6 сынып оқушысы . Кіші қызы Айдана-мектепалды даярлық сыныбының оқушысы. Аян мен Нұрдәулет ұлдары мектепке дейінгі балалар.
«Ананың құдіреті шексіз. Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде, соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан әйел затын қадірлейтін xалықпыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане