«Бақытты отбасы» партиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_11_11-2020_10.jpgАталмыш бағдарламаға байланысты 11-ші наурыз күні ауданымызға тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері арнайы келіп, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұжымымен бірлесе отырып филиалдың мәжіліс залында көпбалалы аналар, мүгедек балалары бар, толық емес отбасы мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Айта кетейік, бұл бағдарлама көпбалалы аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл жоба көп қырлы. Оның міндеті- көп балалы отбасыларды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрғын үй жағдайларын тексеру жұмыстары ауданда тұрақты жүргізілетіндігін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова айта кетті.
Бағдарламаға өтініш беру үшін алдымен жергілікті әкімдіктен отбасылық жағдайды растайтын құжатты алу қажет. Банкке қажетті құжаттар: соңғы 6 айдағы табысыңызды растайтын құжат, отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғын үйге меншік құқығыңыздың, кейін сатып алумен жалға алу құқығыңыздың бар-жоғын растайтын құжаттар, сатып алатын тұрғын үй бойынша құжат белгілейтін құжаттар. Отырыс барысында Марина Муканова өзінің осы бағдарлама бойынша қазіргі таңда құжаттар дайындап жүргенін айтып, өзінің ойымен бөлісе кетті.
Жалпы бағдарламаның шарттары: 2% қарыз бойынша мөлшерлемемен беріледі, ең төменгі бастапқы жарна 10%, қарыз мерзімі 20 жылға дейін, қарыз сомасы 10 миллионға дейін құрайды. Және де қарыз алу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі екі күнкөріс деңгейінен артық болмауы керек, яғни, бұл көрсеткіш 2020 жылы 62 366 теңгені құрап отыр. Сіз негізгі табыс болған жағдайда ғана несие ала аласыз. Негізгі табыс болып еңбек немесе кәсіпкерлік қызмет есептелінеді. Егер сіздің негізгі табысыңыз жеткіліксіз болса, сіз қосымша кірістерді есепке ала аласыз.
Қосымша ақпараттарды жергілікті әкімдіктен біле аласыздар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане