Мектепішілік баскетбол командасының өрісі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_15_15-2020_3.jpgТұтас бiр елдiң ұлттық ойынына айналған спорт түрлерi аз емес. Кейде сол спорт түрлерi жұмыр жердегi ондаған елдердiң сүйiктi ойынына айналатыны бар.
Сол спорт түрінің бірі-баскетбол. С.Ерғалиев атындағы мектепішілік баскетбол командасы қазіргі таңда айтарлықтай жеңістерге жетіп жүр десек болады. Бұл спорт түрінің жаттықтырушылары Ерболат Орақбайұлы мен Нұрсұлтан Ақбанов 11 ойыншыдан тұратын баскетбол командасын құрып, қазіргі таңда тынымсыз еңбектерінің арқасында белсенді ойын көрсетіп жүр. Жаттықтырушылардың айтуынша, оқушыларды көптеген спорт түрлерімен жаттықтыруға болады, бірақ, ол спорт түрін нақты біліп, ережесімен таныс болғаннан кейін ғана, қызықтыруға болады. Ал, ережесін білмей, дайындаған спорт, ешқашан нәтижелі болмайды деп жаттықтырушылар ашып айтты. «Басында балалар үлкен ықыласпен қабылдады ойынды. Бұрынғы ойындармен салыстырғанда, ол кездері ақбөкендей жылдамдықты, қырандай шалт қимылды, барыстай ептiлiктi, сұрмергендей мергендiктi қажет ететiн бүгiнгi баскетболмен салыстырудың өзi күнә. Бүгiнгi баскетбол балалар үшін: шарпыған жалын, үйiрiлген құйын, көтерiлген дауыл, көз iлеспес жылдамдық, асқан сұлулық десек болады. Бiр кезде жүйрiк жалында мызғыған денi сау қазақ — дiмкәс, аурушаң ұлтқа айналды. Дәрiгердiң кiм екенiн бiлмей өскен тектi ұлт топырлап аурухана, емхананы босатпайтын болды. Бұл — ұлттың дертi. Оны сауықтырудың бiр жолы — спорт. Ол дарынды спортшы болар, мүмкiн болмас, бiрақ спортпен айналысқан адамның денi сау боларына бәс тiгемiн. Спортпен айналыспаған ұлт азады. Жанына жат iспен айналысады. Ерiккен, қолы бос жас, әйтеуiр, бiрдеңенi бүлдiретiнi даусыз. Ал, спорттың бұл түрімен біздің оқушыларымыз үлкен ықыласпен жаттығады»,-дейді мектепішілік баскетбол командасының жаттықтырушылары. Қазіргі таңда, бұл команда аудандық жарыстарда 1-ші орындарға ие болып жүр. Аудан намысын облыстық деңгейде қорғап жүрген белсенді команда десек, артық айтпағанымыз.
Иә,расыменде, бұл - болашақ ұрпақтың денiнiң саулығы үшiн жасалған жақсы қадам. Ал ұлттың денiнiң саулығынан артық бiзге не керек?! Одан асқан байлық бар ма?!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане