Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн концерт

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_19_19-2020_2.jpgКарантин режимі 75 жылдық тарихы бар Жеңіс күні дәстүрін де өзгертіп жіберді.


Енгізілген төтенше жағдайға байланысты майдангерлер биыл мәңгілік алауға жиналмады, алаңдарда концерттер өтпеді. Десе де, Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының белсенділігімен онлайн концерттер қойылды. Мерекелік концерттің онлайн болғаны болмаса, өнерпаздар бұрынғыша өнер көрсетіп, қобызда сүймелдеп, арнайы жырларын тарту етті. Бағдарламаға соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндер, әртүрлі композиция мен қойылымдар енген.
Мерекелік бағдарламадан шағын қойылым да тасада қалмады. Өнерпаздар тыл ардагерлерінің сол жылдардағы өмірін, кешкен ғұмырларын қысқа болсын, көрсете білді. Яғни, қойылымның аты да осыған байланысты,«Бәрі де Жеңіс үшін» деп аталады.
«Соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау үшін, «Біз бұл күнді барынша жақындаттық», музыкалық-поэтикалық композициясы қойылды. Бүгінгі таңда Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем өмір сүріп жатқан жағдайларды ескере отырып, көпшіліктің жиналуына тыйым салу талаптарын сақтап, концерт көрерменнің қатысуынсыз өтті. Өнерсүйер қауым мәдениет үйінің YouTube каналындағы онлайн-трансляция арқылы әртістердің концерттік қойылымдарын тамашалады»,- дейді мәдениет үйінің директоры Гүлсім Досмұхамбетова.
Онлайн-концертті қою үшін мәдениет үйі өнерпаздары үлкен дайындық жүргізіп, әлеуметтік желіде де насихат, жарнама жұмыстарын лайықты деңгейде іске асырған.
Сонымен қатар, 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, қыздар қауымы аудан жігіттеріне арнап шағын мерекелік концерт ұйымдастырған болатын. Бұл жолы да әрбір мекеме басшылары шетте қалмай, өз өнерлерін онлайн түрде көрсетіп, әндерін де, өлең шумақтарын да арнады.
9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің Туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бұл мерекеде ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне мектеп оқушылары онлайн-концерт қойды. Балалар өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, әндерін шырқап, күйлерін тарту етті. Мұғалімдер де балалармен бірге Ұлы Отан соғысы туралы білген ақпаратарымен онлайн бөлісуді жөн санаған. Қандай жағдай болмасын, ата-әжелеріміздің біздің болшағымыз үшін күрескенін, қан майданға аттанғанын жадымыздан шығармауымыз керек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане