«Абай мұрасы» атты шығармашылық байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_21_21-2020_8.jpgАбай Құнанбаев өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.


Халқымыздың біртуар перзенті, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақын, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі авторлар мен оқырмандар арасында «Абай мұрасы» атты шығармашылық байқау өткізген болатын. Бұл байқауға жас пен қариясы, тіпті, өзге ұлт өкілдері де белсенді атсалысқан болатын.
«Ақынның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығын ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылыққа айналдыруға үлес қосу. Себебі Абайдың ой-тұжырымдары әлі күнге өзектілігін жойған емес. Абай шығармашылығы – адамзатқа арналған рухани азық. Сол себепті байқауды ұйымдастырудағы мақсат, Президент айтқандай, «Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алу»,-дейді мәдениет үйі басшысы Гүлсім Мурзабаева.
Аталмыш байқауда Красносельск ауылының намысын қорғап, жүлделі бірінші орынға Мерей Нұрғалиұлы «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» атты Абай атамыздың өлеңін нақышына келтіріп жатқа айтып, жүлделі орынға ие болды. Бұл байқауда Красносельск ауылының жастары болсын, қариялар болсын белсенділік танытты. Соның себебі, Валерия Серафимова номинациямен марапатталса, Нұрғали Әлішев, Дарья Горнеева, Махаббат Калиева байқауға қатысқандары үшін марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане