Карантин кезінде жауапқа тартылғандар

Ауданымыздың тұрғындары елімізде болып жатқан төтенше жағдай кезінде ереже бұзғандары үшін жауапқа тартылды.
Бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын орындау және коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап қалада күнделікті рейдтер өткізіп, блокпостарда бақылау күшейтілген болатын. ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген және 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға жазаланады.


ТЖ кезінде ауданымызда ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы бойынша барлығы анықталған құқықбұзушылықтар саны қазіргі таңда 23 адамды құрап отыр. Оның 7-іне ескерту жасалынса, 13 адамға айыппұл төлеу міндеттелген, ал, 3 құқықбұзушы азаматтар қамауға алынған. Оның ішінде ауданға келіп-кету режімін бұзғандар саны-1, ал, 1 адам қамауға алынды. Белгіленген уақытта сыртқа шығуға тыйым салынған режімін бұзғаны үшін 2 адам, айыппұл төлегендер 2 адам анықталды. Карантин және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша құқықбұзғандар саны 20 адамды құрап отыр.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане