Кульпейсов Серік Назарбекұлы - теміржол шебері

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_30_30-2020_6.jpg1981 жылдан бері теміржол бойында жұмыс жасайды. Бұл отбасыны теміржолшылар әулеті деп айтуға әбден негіз бар. Атаның кәсібін жалғастырған Кульпейсовтер ұрпақтары теміржол саласында қызмет жасайды. Тірлігі теміржолмен біте қайнасып, құрыш білекпен болат жолдың бойында еңбек ететін ұрпақтар бүгінде ата дәстүрін бұзбай, атакәсіптің құлағынан ұстағандарын мақтан тұтады.


Серік Назарбекұлы: Мен де ата жолын қуған ұрпақпын. Өмір бойы сүйікті ісіммен айналысып келемін. Өзім де, балам мен қызым да теміржолда еңбек етеміз. Мұнда босаңсуға болмайды. Себебі адам тағдырынан қымбат жауапкершілік жоқ. Балаларыма қай істе де жауапкершілікпен адал еңбек еткенде ғана абыройлы отбасы боласыңдар деп айтып отырамын. Жастайымыздан жұмысқа ерекше жігермен араласып, жаздың шыжыған ыстығында, қыстың сақылдаған аязды күндерінде болат жолдың бойында аса жауапкершілікпен тынбай еңбек еттік. Қазіргі теміржол саласы заман ағымына қарай дамып келеді, тепловоздар ауысып, жұмысшылардың жұмысы шамалы да болса жеңілдеді. Дегенмен де, қай кәсіптің болмасын жеңілі жоқ. Ендігі жерде балаларымыз болашағы жарқын елде бейбіт өмір сүруге жазсын, — деп, жылы лебізін білдірді.
Кульпейсовтер әулетінің әр мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп отыр. Ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген Кульпейсовтер әулетін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане