Рамазанның алғашқы өнері

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_38_IMG-20200913-WA0130.jpg14 қыркүйек күні аспапта, яғни фортепианода ойнау онлайн сайыстардың аудандық, республикалық, Халықаралық жүлдегері Рамазан Иманбаев Тобыл кенті тұрғындарына өзінің алғашқы өнерін көрсетті.


Таза ауада болған Рамазанның алғашқы шағын концертіне аула тұрғындары жиналып, фортепианода ойналған әрбір әуенге зор қошемет көрсетті. Рамазан Иманбаев композитор Yurima «Rivtr flows in you», Бетховеннің «Турецкое рондо», Dance Monkey және әр түрлі сонатоларды фортепианода ойнап көпшілік көңілінен шықты. Қолдау көрсетіп, Рамазанның досы Сергейде өз гитарасымен әуен ойнап берді. Аула тұрғыны Шайзада Молдакышқызы Даданова тәрбиелі, анасының қамқоршысы Рамазанның оқуда да, спортта да алда жүргендігін айта келіп, алдағы уақытта Рамазанға үлкен шығармашылық табыс тіледі.
«Думан» мәдениет үйінің ұжымы атынан меңгерушісі Айбек Қуантайұлы Қабылдин Рамазан Иманбаевқа Тобыл мәдениетін көтеруде белсене қатысқаны үшін Алғыс хат пен сыйлық тапсырды.
Баласы Рамазанның жан-жақты білімді, бәсекелестікке қабілетті етіп дамыту, қызықты көпшілік-мәдени, қоғамдық шараларға тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары қолға алынған анасы Әсел Капарқызы жиналған қауымға, қолдау көрсеткен құрбылары мен Рамазанның достарына және «Думан» мәдениет үйі қызметкерлеріне алғыс айтты.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане