Тұрғындарға әнмен тарту жасады

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_39_39-2020_7.jpgТұрғындардың, оның ішінде халық аз қоныстанған пункттердің бос уақытын әртараптандыру - стационарлық клуб мекемелерінің міндеттерінің бірі.


24-29 қыркүйек аралығында Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің шығармашылық тобы ауданның шалғай ауылдарына барды. Дәстүрге айналған көшпелі концерттік бағдарламалар ауыл тұрғындарына бұрыннан ұнайтын. Мәдениет үйінің солистері Павловка, Новоильин, Приозерное, Қайыңдыкөл, Набережное және Қызыл Жар ауылдарының тұрғындарына ән шашуларын тарту етті. Ұжым мүшелері өз өнерлерін еңбек күніне, қарттар күніне және мұғалімдер күніне арнады.
Шығармашылық ұжымның күзгі концерттік бағдарламасы сан алуан болды. Концерт көрермендер үшін де, әртістердің өздері үшін де нағыз мерекеге айналды. Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап жылы достық атмосфера орнады. Себебі, әртістер өз әндерімен ғана емес, сондай-ақ, жан жылулығымен де бөлісті. Бірнеше ән орындағаннан кейін тыңдаушылар орнында отыра алмай, билей бастағаны да байқалды. Көрермендер денсаулық, бақыт және амандық тілеген жылы лебіздерін ризашылықпен қабыл алып, әр қойылымды қошеметпен қабыл алды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане