Үштілді меңгерген жас маман

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_42_Screenshot_3.jpgАида Какимжанова – үш тілде сабақ беріп жүрген жас мамандардың бірі.
- . Қазіргі таңда, тілдерді оқыту орталығында әдіскер болып жұмыс атқарып жатқан жәйім бар. 2016 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. 2013 жылдан бастап «Тілдерді оқыту орталығында» әдіскер-оқытушы ретінде жұмыс істеп келемін. Мектептен бастап тілдерге деген жақындығым болды. Сол себептен осы мамандықты таңдадым десем болады. Қазіргі таңда, үштілділік деп айтып жатырмызғой, ол әрине, заман талабы. Өз басым 3 тілді де еркін меңгергенмін. Яғни, өзімнің ана тілімде, орыс тілі және ағылшын тілінде жақсы сөйлеймін. Қазіргі таңда, тілдерді оқыту орталығында қазақ тілін үйретемін. Жалпы курсқа қатысатын тыңдаушыларымның саны 35. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің құжаттарын аударамын. «Бір тіл білсең-бір адамсың, екі тіл білсең-екі адамсың». Көп тілді меңгергеннің білімі мен дүниетанымы да кеңейе түсетіні рас. Қазіргі таңда әлем мемлекеттерінің көп тілдерін меңгеру маңызды деп есептеймін. Сондықтан, біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлеу де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде,-деп өз ойымен бөлісті.
Сонымен қатар, Аида Какимжанова оқыту орталығында көптеген мамандар мен жұмыс жасап, тыңдаушыларымен атқарған жұмыстарын ғаламтор желісіне салып, оқырмандарымен жетістіктерімен бөлісіп отырады. Тілдерді оқыту орталығының басшысы Армангүл Токтубаева Аиданы өз ісінің маманы, және нәтижелі жас маман екені туралы ойын айта кетті. Осындай мамандардың іскерлігіне қарап тек қуануға болады. Аиданың алдағы еңбектеріне тек табыс тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане