«Күз - береке, байлықтың бастауы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_43_2910202043_5.jpgКүз. Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең бір адамзат баласына көтеріңкі көңіл-күй мен тамаша әсер сыйлайтын ғажайып шақ.
Осыған орай сары желекке оранған Алтын күздің қыркүйек айының 29 –шы жұлдызы мен қазан айының 09-шы жұлдызы аралығында, Бейімбет Майлин ауданы Тобыл орта мектебінде, қашықтықтан «Арайлы алтын күз» эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің музыка, көркем еңбек он күндік өтті. Мұндағы негізі мақсатымыз: Оқытудың жаңа үлгісіне сай оқушылардың білікті білім алуын қамтамасыз ету,және рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Соған байланысты біз де осындай апталықтар арқылы байқаулар мен сайыстарды қазіргі жағдайға байланысты қашықтықтан өткізуді жөн көрдік .
Байқау бірнеше кезең бойынша жүзеге асты. Бірінші кезеңді «Әуенді тап» сайысынан бастадық.Оқушылар өздерінің ән тыңдалу, есту, орындау мәдениеттігін көрсете отырып, берілген тапсырмаларға мұқият болудың арқасында жетістікке жетті.Атап айтатын болсақ, 6 «Ә»-сынып оқушылары Мырзахан Кәусар, Олжасқызы Мариям, Айсаев Самырат өздерінің өнерлі екендігін, жауапкершілікпен келгендерін дәлелдеді. Ойын сауық, музыкалық аспап(жұмбақ шешу) барысында, 5 «Ә»-сынып оқушы Дандыбай Аруна және 3 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Тоғжан аспаптарды тани отырып,ойналу жолдары мен қасиеттерін біліп, жұмбақ шешу кезінде тапқырлықтарымен ерекше көзге түсті. Осы сайыс барысында 4 «Б» сынып оқушысы Жамнов Никита топтан ерекшелене түсті. Сондай-ақ, көркем еңбек пәні мұғалімі Наталья Владимировна Козубецтің ұйымдастыруымен «Я люблю готовить» конкурсында мақал-мәтелдер, ыдыс-аяқ туралы иллюстрациялармен әсемдеу арқылы сайыстың жеңімпаздары анықталды.Олар 5 « А» сынып оқушылары Бысова Ксения 1-ші орынға ие болса, 2- ші орынды Масло Виктория мен
Сиқыр«Жас суретші» номинациясы бойынша, 6 « Ә» сынып оқушысы Мырзахан Кәусар иеленсе, «Қыл қалам шебері »номинацисы бойынша 5 « Ә» сынып оқушылары Жеңсікбай Жанель, Дандыбай Аруна, Ахмет Әйгерім марапатталды.
«Кто сказал «Мяу»» выставка рисунков. Осы байқау да,ерекше шеберліктерімен , жасаған еңбектері мен көптеген оқушылар көзге түсті.Оларды да, арнайы номинация мен мараппаттады. «Юный художник» номинациясына 5 «Б» сынып оқушылары Пилипенко Надежда,Омарова Аружан,Каержанова Земфира, Ковиков Артем иеленді. Сонымен қатар оқушылар Қолөнер ,табиғи материалдарды қолдану арқылы , жұмыстарын дайындау кезінде, өздерінің ойынан түрлі заттар жасап ұсынды.

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_43_2910202043_1.jpg

Сайыс қашықтықтан өтсе де,оқушылар өз сабақтарын орындай отырып, сабақтан тыс қоғамдық жұмыстарға да, белсене қатыса білді.
Апталық қашықтықтан өтсе де, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл апталықтың әдемі қызығы мен көңілділігі талайға дейін есімізде сақталары сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане