- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 29.10.2020 06:38
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 562
Ресми мәліметтерге жүгінсек, соңғы уақытта онлайн қызметтер туралы көптеген ақпараттар жариялануда. Бүгінгі санымызда қайтыс болу туралы анықтаманы онлайн қалай алу керектігін айтатын боламыз.
Сөзіміздің дәлелі ретінде Б.Майлин аудандағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» басшысы Гүлшат Адаева жауап берді.
- Қазіргі таңда расыменде мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып, онлайн форматта алу мүмкіндігіне ие болды. Енді қайтыс болғаны туралы анықтамаға келсек, бұрын тұрғындар бірнеше ұйымға жүгінсе, қазіргі таңда бұл қызмет түрін бөлімшеге келмей-ақ онлайн форматта алуға болады. Ол үшін: eGov.kz порталында "Отбасы" бөлімінде "Отбасы жағдайы" бөлімшесін тауып, "Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама" қызметін таңдап, оған тапсырыс беру қажет, содан кейін ЭЦҚ-мен қол қою керек.Оның нәтижесімен eGov.kz порталдағы пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. Бас тартудың себебі дұрыс толтырылмаған деректер немесе қайтыс болу туралы акт жазбасының болмауы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, деректерді тексеріп, қызметке қайта тапсырыс беруіңіз керек. Ал екінші жағдайда - уәкілетті мемлекеттік органға хабарласу қажет етеді. Онлайн анықтама алу үшін марқұмның ЖСН-і ғана жеткілікті,- деп түсіндірді басшы.
Айта кетейік, аталған қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы қолжетімді. Ал, барлық деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.