- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 05.11.2020 06:30
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 576
Денсаулық сақтау ұйымдарына көрсетілетін қайырымдылық акциясы аясында Мәдениет саласының қызметкерлері «Аят» шекаралық бақылау бөлімшесінің медициналық кабинетіне шекара бекетіндегі міндеттерін атқаратын медицина қызметкерлері үшін газ плитасын тапсырды.
Аталмыш іс-шарада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Темірқанқызы Құлжанова сөз сөйледі:
Әр саланың қиындығы мен қызығы бар десек, өмір мен өлім арасындағы қызметке бас тігу үшін үлкен жүрек керек. Шеттегі дәрігерлердің тәж-тажалмен күресте, дерт жұқтырып қаза болып жатқанын ашық дереккөзден оқып жүрміз. Бұл ретте отандық мамандарға қолдау білдіріп, сіздердің еңбектеріңізді біз айтпасақ, кім айтады?!Сондықтан, сіздерге қанша алғыс айтсақ та артық етпейді,- деді бөлім басшысы.
Бүгінгі табыс етілген газ плитасы алдағы уақытта санитарлық бекетке жеткізілетін болады.