Сахнада 30 жыл! Марат Шоңғаловтың ән кеші

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_44_44-2020_6.jpgБұл жанды білмейтін адам кемде-кем. Сахна төрінде әндерді нақышына келтіріп, көрермендердің жүрегінен орын алған Марат Шоңғалов бүгінде 55 жасқа аяқ басты.


Сонымен қатар, ағамыздың өнер саласында жүргеніне 30 жыл толып отыр. Осыған орай “Өнерменен жаным егіз” атты шығармашылық ән кеші өткен болатын.
1965 жылдың 11 қазанында Марат Бақытұлы Шоңғалов Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтын тәмамдаған. Студент болып жүрген жылдары ағамыз қосымша факультет ансамблінде, институтағы қазақ халық аспаптар оркестірінде, сонымен қатар, студенттік театрда драмалық қойылымдарда ойнаған.
1990 жылы Таран ауданы, Қоржынкөл ауылына жұбайы Гүлсім Жұмақұлқызымен қоныс аударады. Қоржынкөл ауылында мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған. Марат ағамыз мектепте оқушыларға домбыра үйретіп, 1992 жылы алғашқылардың бірі болып домбырашылар ансамблін аудан сахнасына шығарды. Бірнеше жылдар бойы облыстық оқушылар айтысына ақын балаларды дайындап, биік шыңдарға қанаттандырған жандардың бірі десек болады.
1999 жылы Марат ағамыз отбасымен аудан орталығына көшіп келіп, қандай қызмет атқарсада сахнадан еш алыстамаған жан. Ауданымыздағы мерекелік бағдарламалар Марат ағамыздың қатысуынсыз өтпейді десек болады.
Сондай- ақ, 2017 жылы Калинин селолық округінің әкімі қызметін атқара жүріп, облыс бойынша «Ең үздік ауыл клубы» номициясы бойынша өткен бәйгеде бас жүлдені жеңіп алған болатын.
Қазіргі таңда қамқор әке, ардақты ата болып отырған Марат ағамыздың 3 қыз, 2 ұлы, қыздарынан 2 немересі бар. Марат ағамыздың әншілік қабілеті немерелеріне өзінен дарығандай, ағамыз ән айтып бастаса қосылып шырқап кете беретін өнерлері де бар екен.
- Кейде көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа домбыра алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал, оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол тек қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашанда биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпаңыздар!- дейді Марат ағамыз.
Өнерде ойып тұрып орын алған Марат ағамыздың алдағы уақытта да талмай еңбек етіп, әрі қарай еңбегінің жемісін көруіне, немерелерінің көз қуанышы болып жүре беруіне тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане