- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 12.11.2020 11:09
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 658
3-ші қараша күні Бейімбет Майлин аудандық полиция бөлімі жөніндегі учаскелік полиция қызметкері Ж.Б. Жұматаева «Валерьяновка НМ» әлеуметтік педагогы К.Т Тулегенова бірлесіп, «Жасөспірім» тақырыбында жедел профилактикалық іс шарасы өткізген болатын.
Іс - шараның негізгі мақсаты –жасөспірімдер қылмысы мен құқық бұзушылығының алдын алу, алкогольдік ішімдіктерді ішетін, түнгі уақыттарда заңды өкілінің ерітуісіз жүрген кәмелет жасқа толмағандарды анықтау, қаңғыбастық, бопсалау фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу, атыс қаруларын, суық қаруларды және сақтауға және тасуға тиым салынған заттарды тәркілеу бойынша оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы жедел-мағыналы ақпараттарды жинау және қаңғы бастықтың жолын кесу бойынша жұмыстар жандандырылуда.
Жыл басынан 442 бабының көрсеткіші яғни кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түңгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы бойынша – 38 ескерту жасалынды. 127 бап яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қазіргі таңға дейін 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ата – аналарға қозғалған,
Сонымен қатар жас өспірімдер арасында қылмыстық іс бойынша орын алған жағдайлар бойынша жыл басынан жасөспірімдер арасында 4 қылмысқа жол берілген.