- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 12.11.2020 11:12
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 606
Б. Майлин ауданының жедел штабының мүшелерінен тұратын мониторингтік топ өткен аптада аудандық, сонымен қатар, ауылдық округтердегі дүкендермен қатар дәмханаларға шолу жасап, біршама карантиндік ережелерді бұзышу дүкендер мен дәмханаларды анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш тексерудің негізгі мақсаты – бұл, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияның алдын алу және облыстың бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулымен регламенттелген ұйғарымдарының орындалуын бағалау.
Мониторинг барысында топ 15 нысанды аралады. Сонымен қатар, штаб мүшелері термометрия журналын жүргізуге, нан өнімдерін міндетті түрде орауға, жеке қорғаныс құралдарын, атап айтқанда маскалар мен қолғаптарды киюге және жұмысшылар мен клиенттер үшін антисептикалық құралдардың болуына баса назар аударды. Сонымен қатар, олар дүкендерге кіре берісте маскаларды міндетті түрде кию туралы жарнамаларды орналастыруды тексерді. Бұл ретте сатушыларға келуші көрсетілген талаптарды орындауға келіспеген жағдайда, олар оған қызмет көрсетуден бас тартуы тиіс және қажет болған жағдайда полиция қызметкерлерінен көмек сұрауға құқылы екенін еске саламыз.
Ауданның жедел штабының мүшелерінен тұратын мониторингтік топ жүргізген тексеру барысында 15 нысаннан 7 карантиндік ережені бұзу анықталды. Сатышулардан қатаң талап етілген санитарлық ережелер кейбір дүкендердің сатушыларына маңызды еместей көрінді. Аталмыш іс-шара бойынша біршама дүкендердің сатушылары түсініктеме жазып, алдағы уақытта тиісті шаралар қолданылатын болады. Сонымен қатар, дәмханасында шағын отырыс ұйымдастырғаны үшін жеке кәсіпкерден де түсініктеме алынды.
Санитарлық ережелерді орындау бәріміздің міндетіміз екенін ұмытпайық. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіруден сақ болыңыздар!