Кәсіби маман – еліміздің тірегі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_45_45-2020_9.jpg15 қараша – айтулы күн, өйткені,бұл күн – ұлттық теңге және еліміздің мәртебесін көтеру үшін қызмет ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан, елдің алғысы мен ықыласына бөленген қаржы қызметкерлерінің төл мерекесі. Өз кезегінде қаржыгер мамандығы – жауапкершілік пен біліктілікті талап ететін жауапты қызмет.


Қай мекемеде болмасын, ұжымның мақтанышына айналып жүрген қызметкерлер бар. Ауданымызда еңбек етіп жүрген, осынау айтулы мереке қарсаңында банк қызметкері Данияр Галиев туралы айтатын боламыз. 1 жылдан астам уақыт банкте қызмет етіп келе жатқан Данияр бүгінде өз ісінің кәсіби маманы десек те болады. Жас маман банкте консультант жұмысын атқаруда.
2016 жылы С.Ерғалиев атындағы орта мектебін тәмамдаған Данияр, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық колледжін тәмамдап, қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында оқуын жалғастыруда.
- Оқуымды аяқтағаннан кейін, ауданға оралдым. Біраз уақыттан кейін банк қызметкері болып жұмысқа орналасқаннан соң, әрі қарай жеңіл болды. Ұжым өте сыйлы, әрі бірлігі мықты десем болады. Жалпы, маған қоғаммен тығыз байланыста болып, көмек көрсеткен ұнайды. Сол себепті де шығар, қазіргі таңда осы жұмыста істеп жатқаным. Біздің мақсатымыз - тұрғындарға қиындық туғызбай, кез-келген мәселесесін сол мезетте шешіп беру. Себебі, бізге қарт кісілерде келіп жатады. Ол кісілірге қанша уақыт жұмсалсада, өз көмегімді беруге тырысамын. Ауданымызға қайта оралғаныма қуаныштымын. Себебі, осында туып өсіп, білім алып, тұрғындардың көбісін танитын болғандықтан, маған олармен жұмыс жасау өте ыңғайлы. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі,- дейді жас маман.
Қытай философының: «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін» деген даналығы қазіргі таңда Даниярдың еңбек жолында болып жатыр. Жоғарғы буыннан әлі де үйренері көп екенін жасырмады жас маман.
- Шын жүрекке тұсау жоқ. Қай істе де ашықтық пен адалдық керек. Абайдың: «Адалдыққа еш нәрсе жетпейді» деп айтқан сөзі бар еді. Қандай да бір істе адал жүріп, адал тұрса, байлық пен табысқа сол кенеледі. Сол адамның жұлдызы оңынан туады. Сол себепті халыққа адал қызмет ету, қол ұшымды тигізу бұл менің басты міндетім деп білемін. Әрі қарайда осы салада шыңдалып, алға қойған мақсаттарыма жетемін деп ойлаймын. Басшымыздың, ұжымның қолдауымен жұмысыма тез үйреніп кеттім. Әрбір істің өз қиындығы бар, десе де, оған төзе білу керек деп ойлаймын. Осы сәтті пайдаланып, барлық әріптестерімді келе жатқан мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңізге табыс тілеймін, әрбір жасаған істеріңіз оңынан болсын дегім келеді.
Жылдан жылға шағын ауданымыздан осындай білімді, саналы жастарымыз шығар болса, мемлекетіміздің гүлденуіне ешбір кедергі тосқауыл бола алмайтындығына сенімдіміз. Әрбір жас, ең алдымен, өзінің туған, кіндік қаны тамған ауылының көркеюіне атсалысса, мемлекетіміз нығаюдың үстіне нығая беретіндігіне де сеніміміз мол.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане