Әскери болу- әрбір азаматтың борышы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_47_47-2020_4.jpgКез-келген әскерге жарамды Қазақстан Республикасының 18-27 жас аралығындағы азаматы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге міндетті.


Осындай жалынды жас, танк әскерлерінде өз борышын өтеп келген абыройлы сарбаз Виталий Мухаметов. Жас сарбаздың айтуынша, оқуын аяқтағанннан кейін, Отан алдындағы борышын өтеу ол үшін бірінші орында болған.
- Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар. Бәлкім, осы бір қанатты сөздер маған жалын берді ме, мектептен кейінгі мақсатым борышымды абыроймен өтеу болды. Алғашқы 6 айымды Алматы қаласында 30212 бөлімінде болдым, уақыт өте келе мені Тараз қаласындағы Луговой бөлімшесі 85395 бөліміне жіберді. Мен әскерде болғаныма еш өкінбеймін. Еліміздің абыройын асқақтататын, әрбір Қазақстандықтың намысы мен өмірін сақтайтын сарбаздар деп ойлаймын. Мен өз борышымды өтеп, еліміздегі маңызды мерекелердің бірі 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президентіміз мерекесіне орай келдім. Елбасы туралы жазылар тарихтың тамыры терең, аясы кең, маңызы жоғары. Қиын кезеңде азаматқа елдің тілегін жүзеге асыратын жүрек те, білек те қолдайтын тілек те керек еді. Ел сенімін арқалаған Елбасы халықтың үмітін ақтады. Нұрсұлтан Назарбаевты қазақтың пешенесіне берген, халық үшін туған ұлы перзент дейтініміз сондықтан.Сондықтан, жерлестерімізді, Қазақстан халқын мерекемен шын жүректен құттықтаймын,- дейді Виталий.
Отан алдындағы борышын өтеуге және ел тыныштығын сақтауға бара жатқан жігіттерді ұлттың ұландары деп айтсақ артық емес болар. Өйткені бұл ұландар тәртіпке бағынып құл болмайтынын дәлелдемек және мақсаттары да айқын. Еліміздің Тәуелсіздігімен жеріміздің бүтіндігін сақтауға, Отанымызды қорғауға әзір осындай жастар көп болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане