Карантин ережелерін сақтау - ортақ міндет

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_48_48-2020_4.jpgҚостанай облысында 17 қарашада енгізілген шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Қостанай облысы тұрғындарына COVID-19 коронавирус инфекциясының өршігенін ескерту мақсатында № 58 қаулыға қол қойылды.
Бұл құжатта 2020 жылдың 17 қарашасында енгізілген шектеу шаралары 7 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін созылатыны жазылған.


Мониторингтік топтар тұрақты түрде нысандар мен жеке тұлғаларға алдын алу, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтау бойынша күшейтілген бақылауды, сондай-ақ халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында жұмыстарын әлі күнге дейін жалғастыруда. Десе де, тұрғындар әлі күнге дейін вирустың қауіптілігін түсінбегендей кейіп танытуларын тоқтатар емес.
Естеріңізге салайық, 17 қарашада барлық спорт нысандары, балалар секциялары мен үйірмелері, бүкіл бассейн, демалыс базалары мен санаторийлер жұмысы тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, Қостанай және Рудный қалаларына санитарлық бекеттер арқылы ғана медицина қызметкерлерінің және полицейлердің тексеруімен өту міндеттелді. Қос қалаға кіріп-шығу үшін жұмыс орнынан анықтама қажет етілді. Мұның сыртында, сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынды. Бұл уақыттан кейін барлық тұрғын үйлерінде болуы тиіс. Тіпті, такси қызметіне де сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін рұқсат берілмейді.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Бауржан Баймухаметовтің берген ақпараттына сүйенсек, қараша айының қорытындысы бойынша 18 іс әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал, аталмыш тексеруге байланысты 7 іс қаралып жатыр. Әлі күнге дейін мониторингтік топтың жұмыстары жалғастырылатын болады.
Десе де, босаңсуға болмайды, себебі, вирус халық өміріне әлі де қауіпін төндіруде. Бұл ретте, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге, сатушыларға облыстың бас дәрігерінің қойған қаулысына бей-жәй қарамауларын сұраймыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане