«Бақытты отбасы»: отбасыға бақыт сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында: "Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.


Бүгінде елімізде көпбалалы отбасыларға көрсетіліп отырған мүмкіндіктер көп десек болады. «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болып отырған аудан тұрғындарының бірі Сапабековтар отбасы. Жамал ханым баспана бойынша жергілікті мекемеде кезекте тұрған. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болу үшін жергілікті мамандар көп көмегін тигізді дейді кейіпкеріміз:
- Біраз уақыт кезекте тұрған едім, міне, бағдарлама аясында отбасымызбен баспаналы болдық. Жергілікті мамандар да бізге бағыт-бағдар беріп отырды. Оларға деген алғысымыз шексіз. Біз секілді отбасыларға көмек қолын созудан жалықпайтын, өздерінің міндеті санайтын қызметкерлер барына қуаныштымыз. Бұл бірінші кезекте балаларымның қуанышы деп ойлаймын. Әрбір баланың өз несібесі бар деп айтып жатамызғой, сондықтан, осындай қуанышқа бөленіп отырған жәйіміз бар,- дейді Жамал ханым.
Аталмыш бағдарлама бойынша ауданымызда жыл басынан 6 отбасы баспаналы болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның шартына сәйкес, үш категория бойынша әлеуметтік аз қамтылған мына отбасылар кіреді: 4 және одан көп баласы бар отбасылар (кәмілеттік жастан асқан 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар да көпбалалы отбасыға жатады), бір немесе одан да көп бала бағып отырған жалғызбасты әке немесе ана , мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасы.«Бақытты отбасы» тұрғын-үй бағдарламасына қатысу үшін міндетті түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімдікте кезекте тұруыңыз қажет. Баспанаға мұқтаж отбасылар санатына жататыныңызды дәлелдеу үшін атқарушы органнан көп балалы отбасы екенін дәлелдейтін анықтама алып, оны банкке тапсырасыз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане