- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 30.12.2020 06:06
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 717
Биыл әлемдегі пандемия Қазақстанды ғана емес, бүкіл жаһан жұртының өмірін өзгертті. Өзін-өзі оқшаулау, қозғалысты шектеу cекілді ақпараттар коронавирус инфекциясы жаңадан тіркелген жағдайлар мен емі жоқ симптомдардың көбеюі туралы үрейлі жаңалықтармен қатар жүрді.
Десе де, індетке қарамастан аудандық білім бөлімінің нәтижелі еңбектері мен оқушылардың жеткен жетістіктері толастамақ емес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларының қорытындысын аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева нақтылай кетті. Биылғы жылығы қорытынды төмендегідей болды:
2020 жылдан бастап аудан мектептерінде 53 іс-шараны қамтитын 12 жоба іске асырылған.
«Бәсекеге қабілеттілік»
"Бәсекеге қабілеттілік" бағыты бойынша 12 іс-шара өткізіліп, 4682 адам қамтылған. Олардың ішінде ең маңызды іс-шаралардың бірі болып табылған "Айбын" әскери - патриоттық ойын-квесті. Қорғаныс бөлімі мен ауған ардагерін шақырумен «Айналаңа жақсылық жаса" жобасы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының құндылықтары мен мүмкіндіктері" пікірсайыс турнирі өькізілген. Сонымен қатар, Юбилейный орта мектебі қабырғасында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық концерті өткен болатын, аталмыш концерттің мақсаты Тобыл кентінде тұратын София Брынзаны емдеуге ақшалай қаражат жинау болды.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау бағыты»
"Ұлттық бірегейлікті сақтау" бағыты бойынша 8 іс-шара өткізіліп, 3890 адам қамтылған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: "Абай оқулары" мәнерлеп оқу байқауы, "Абай-дана, Абай – дара! Ғылыми – практикалық конференция, аудандық өлкетану мұражайы базасындағы қазақ тілі мен әдебиеті сабағы, "Ұлы Дала –ұлы адамдар" білім беру мекемесі арасындағы челлендж, "Дала фольклоры мен музыкасына 1000 жыл"сынып сағаты. Қаңтар айында білім бөлімі мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту бойынша "Жарқын болашақ" байқауын өткізді. Аудандық олимпиадада 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті білімінің 5 саласында жарысты. Олимпиаданың негізгі тұжырымдамасына сәйкес, ол қазақ тілін бес бағытта дамытуды қарастырады. Атап айтқанда, олар келесі номинацияларда жарысты: "Жас жазушы", "Бұлбұл әншілер", "Білгірлер сайысы", "Сөз шебері", "Визуалистер".
«Сананың ашықтығы» бағыты
"Сананың ашықтығы" бағыты бойынша 18 іс-шара өткізіліп, 12 345 адам қамтылған. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: жоңғарлармен болған шайқастардың батырлары-Жабағы Батыр (аудан оқушыларына экскурсиялық тур), аудандық "Таза жағалау" акциясы, «Жақсылық жаса!", "Біз біргеміз".
Сонымен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көркейе бер, жасай бер,ауылым!» кіші жобасының «Көркейе бер, Қостанай!» бағдарламасына сәйкес меценаттар Валерьянов ауылында футбол алаңқайын жасаған болатын. Сондай-ақ, Береговое ауылында балалар ойын алаңын салынды, Б.Майлин атындағы ОМ қатар мектеп жанындағы интернатқа жанарғы сатып алынып, орнатылған. Асенкритов орта мектебіне қоршау орнатылып, Николаев орта мектебіне жылыту құрылғысы орнатылды.