Сайлау - халық пікірінің айқын көрінісі

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_2_2-2021_3.jpg2021 жылдың 10 қаңтар күні Тобыл кентінде төрт сайлау участкесінде Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтті.


Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі – пандемия жағдайында өткендігі. Індеттің белең алуына қарамастан Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау процесі заңға сәйкес белгіленген мерзімде өтті. Пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін, әрбір сайлау учаскесінде санитарлық нормалар қатаң сақталған. Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптардың, дауыс берудің құпиялығының, заңның сақталуы реттеліп отырды. Адамдар бір орында көп шоғырланбауы үшін барлық шара қарастырылды. Сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген бірінші сайлаушыға, сайлауға алғаш рет қатысқан 18 жастағы бозбалалар мен қыздарға және 10 қаңтарда туған күн иелеріне сыйлықтар табысталды.
- Сайлауда алғаш рет дауыс бердім, бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Ал, біз секілді алғаш рет дауыс берген жастарға арнайы тосын сый жасалды. Мұндай сыйлықтарды алу өте жақсы, бұл бәріміздің есімізде мәңгі қалады, - деп атап өтті Вера Быстрова.
- Сайлау науқаны кезінде сыйлыққа алудың өзі бір мәртебе екен. Қуанып қалдым. Осы ретте сайлауға келіп, дауысымызды беруіміздің өзі еліміздің дамуына үлес қосу деп білемін, — деп ыстық ықыласын жеткізді алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген А.Қ. Қабылдин.
Кез келген сайлау - халықтың іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа қатысты пікірінің айқын көрінісі. Ал, осы сайлаудың қорытындысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі халыққа қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық мақаласында ұрпақтың ауысуы болатындығы туралы атап көрсетілген. Бұл жаңа ұрпаққа деген жаңа көзқарас. Тәуелсіздікті сақтау, оны нығайту өте маңызды элемент болып саналады. Ұлттық бірегейлікті сақтау және оны танымал ету – өте маңызды элемент. Жақын арада жаңа Үкіметтің жасақталуы, ол шешуі тиіс міндеттерді жариялау күтілуде. Негізінде бізді жасампаздық пен даму жылдары күтіп тұр», - делінген.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане