- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 14.01.2021 06:14
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 681
Қазақстан тарихындағы жетінші Парламент сайлауы мәресіне жетті.
Сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендер де бар.
Олар сайлау бөлімшелері ашылған сәттен бастап, өз таңдауларын жасады. Диас Ибраев үшін 10-шы қаңтар ерекше күн болды. Өйткені ол алғаш рет сайлауға қатысты. 18 жасар студент, ел болашағы үшін дауыс беруге келгенін айтты. Тіпті толқып тұрғанын да жасырмады. Диас алғашқылардың бірі болып №712 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
«Шынымды айтсам, сайлауға бірінші рет қатысқандықтан өте қатты толқып тұрмын. Мен үшін бұл жауапты таңдау, өйткені өзімнің сайлау құқығымды пайдаландым», - деп пікірімен бөлісті Диас Ибраев. Дауыс беруге алғаш рет қатысқан қазақстандық жастар кәдесыйларға ие болды.
Осылайша ауыл тұрғындары бүгінгі саяси науқанда өз таңдауларын жасады. Сайлау бөлімшелері таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін, санитарлық ережеге сай жұмыс істеді.