Ел болашағы білімді жастардың қолында

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_3_3-2021_2.jpgЖастар-болашақ қоғамды жасаушы күш болғандықтан, қоршаған ортаның белсенді буыны, елдің ертеңі ретінде, олардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.


Бүгінгі санымыздың кейіпкері, жас маман-Нұрбол Нәби. Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы жолдамамен келген мамандардың бірі. Біршама жетістіктерге қол жеткізген Нұрбол аудандық деңгейде өзінің мастер классын өткізіп жүрген өнерлі маман десек болады. Сөзіміздің дәлелі, Нұрболдың сурет салуғада, түрлі техникалармен өрнектерді сыза білетін таланты маман. Жақында өткен Нұрболдың мастер классы туралы білу үшін, кейіпкеріміздің өзін әңгімеге тартқан болатынбыз.
- Бейімбет Майлин ауданына келгеніме биыл 1 жыл болады. Өзім осы ауданның С.Ерғалиев атындағы орта мектебінің түлегімін. Қазіргі таңда Тобыл орта мектебінде көркем еңбек пәні бойынша сабақ беремін. Менің жаныма жақын мамандық болғандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында «Көркем еңбек және графикалық жобалау» мамандығы бойынша білім алдым. Жақында өткен мастер классым «Квиллинг техникасы» деп аталады. Мақсатым - балаларды осы сала бойынша дамытып, түрлі техникаларды үйрету болып табылатын. Жалпы мастер классты жақсы деңгейде жүзеге асыру қолымнан келген секілді. Балаларға қолымнан келген өнердің барлығын көрсетіп, бар күшімді салдым десем болады. Алдағы уақытта да әрі қарай түрлі техникаларды дамыта беремін,- дейді Нұрбол.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылға келген жас маман бүгінде осы өнер саласында шәкірттер тәрбиелемекші. Жалынды жастарымыздың барында, еліміздің болашағы жарқын болмақ екенін осыдан байқауға болады.
- Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Дәл сондай менде болашақ шәкірттерімді шабыттандырғым келеді. Алдағы уақытта түрлі жарыстардың болашақ жүлдегерлерін дайындаймын деген ойдамын,- дейді жас маман.
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане