Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілді

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_3_3-2021_1.jpgҚазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% өсті.
Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жүзеге асыратын негізгі персонал (әлеуметтік қызметкерлер) мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады.


- Қиындыққа тап болған көптеген адамдар әлеуметтік қызметкерлерден көмек сұрауға мәжбүр. Бұл мамандар кім, олар не істейді және көмекке мұқтаж адамдарға қандай көмек көрсете алады. Әлеуметтік қызметкер-бұл кәсіби негізде азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсететін жандар. Осындай мамандардың көмегінің арқасында қарт адамдар, мүгедектер, мүгедек балалар қажетті қолдауды ала алады. Қызмет көрсетілетін аудан азаматтарынан оларға және өз міндеттеріне деген қарым-қатынасы үшін бірнеше рет алғыс сөздер келіп түседі, өйткені өте қайырымды, адал, атқарушы мамандар жұмыс істейді,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Людмила Мальчевская.
Қаулыда сондай-ақ қолданыстағы қосымша ақының мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 30%-інен лауазымдық жалақының 40%-іне өзгерту жолымен стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша болу ұйымдарында жұмыс істейтін әкімшілік және қосалқы персонал үшін жалақыны арттыру көзделген.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане