- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 28.01.2021 06:12
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 1017
Кітапхана – оқырмандардың ой-өрісін кеңітіп, рухани азығын молайтады.
Сондықтан заманауи кітапхана, кітаптар қоймасы ғана емес, ауылдағы ақпараттық-мәдени орталық болуы керек. Бұл үшін оның сыртқы көрінісі де маңызды.
Мұндай өзгерістерді Тобыл кенті селолық кітапхана ғимаратына барар жолда-ақ байқауға болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасалып, техникалық сұраныстарға сай пандус салынып, ұстайтын тұтқалар мен талапқа сәйкес белгілер қойылды.
Үнемделген қаржы арқасында, бұл күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген өте нашар қалыпта болған кітапхана ғимаратында сыртқы жұмыстар бойынша жөндеуден жүргізілді. Кітапхананың ескі терезелері заманауи пластикалық терезелермен ауыстырылды. Қаншама жылдан бері төбесінен су аққан кітапхананың шатыры мен ішіндегі төбесі жөнделіп, терезелер ауыстырылып пластикалық терезе мен торлар қойылды. Электр сымдарды толығымен ауыстырылып, өрт дабылы жаңадан орнатылды. Жалпы жұмсалынған сома 5 млн-ды құрады.
Аудандық кітапхана жүйесінің басшысы Гаухар Жақсылыққызы Асанова:
- Бұл кітапхана иесіз ғимаратта орналасқан болатын. Ылғалы мен суық жерде жұмыс жасауға қиын жағдайда болды. Бірақ кітапханашылар жұмыстарын тоқтатпай халыққа қызмет көрсетіп отырды. Асқан төзімділіктерімен, өз ісіне майталман кітапханашылар қандай жұмыс болмасын ең бірінші қатарда, алда жүреді. Кітапхана балансына кіргеніне 4-5 жыл болған ғимаратта жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Бұл рухани орталықта биылғы 2021 жылы да жоспарда қаражат көлеміне байланысты ішкі жұмыстар жалғасып, жуынатын бөлме, еден, есіктерді жаңарту қолға алынып отыр.
Ия, кітап шаңырағы болып табылатын кітапхананың болашаққа жоспары көп. Аудан бойынша халық саны көп кенттегі кітапхана жаңа заман талабына сай болуы керек. Сондықтан, кітапханада оқырмандарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін бәрі жасалмақшы.