- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 28.01.2021 06:17
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 617
Аудан тұрғындарының маска режимін сақтау деңгейін қадағалау мақсатында кезекті рейд өтті.
Қостанай облысында жаңа санитарлық ережелер жарияланды-өңірдің бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы сәрсенбіден, яғни 27-ші қаңтардан бастап күшіне енді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қостанай облысы коронавирусқа қатысты жағдай бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Сондықтан, COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық штаб жанындағы мониторингтік топ Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің нұсқамаларын бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Азық-түлік дүкендері мен дәмханалар тағы бір рет көзге түсті.
Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы санитарлық нормаларды қатайтуға себеп болды. Бұл монтиторинг топтары қоғамдық жұмысты барған сайын күшейте түсіп, қамту шеңбері ұлғая береді деген сөз.
21-ші және 25-ші қаңтар аралығында мониторингтік топтың тексеруі бойынша біршама дүкен сатушылары мен дәмхана қызметкерлері ережені бұзғандары үшін түсініктеме хаттар толтырды.
Тексеру барысында алғашқы санитарлық талаптардың сақталуын тексерді: сатушыларда антисептиктер, маскалар мен қолғаптардың болуы, термометрия журналдарын жүргізу және т. б. Айта кетейік, мониторингтік топ кәсіпкерлердің атына ұсынымдық сипаттағы бірнеше ескертулер жасады. Әйет ауылы бойынша мониторингтік топ 15 нысанды – дүкендер мен дәмханаларды қамтыды. Әйет ауылында 4 ереже бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, мониторингтік топ Тобыл кентінде де болып, біршама дәмханалар мен дүкендерден ереже бұзушылықты анықтады. Жалпы 16 нысан тексеріліп, 4 ереже бұзушы дүкеншілер мен қызметкерлер түсініктеме толтырды. Дегенмен, санитарлық талаптарды берік ұстанып, қоғам алдындағы азаматтық міндетін бұлжытпай орындайтын нысандар бұрынғыдан әлдеқайда көбейген.