Ұлттың айшықты таңбасы - мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені.
Бәрімізге белгілі, 2019 жылдың маусым айында "Мемлекеттік рәміздер туралы" Конституциялық Заңға "ҚАЗАҚСТАН" жазуын латын графикасына ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілген болатын. Осыған сәйкес жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жаңа Елтаңба орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған.


Ішкі саясат бөлімінің функцияларының бірі "Мемлекеттік рәміздер туралы" ҚР Конституциялық заңының сақталуына мониторинг жүргізу болып табылады. Сол себепті, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нұргалиевадан заңнамалардың барлық талаптары мен нормалары туралы білген болатынбыз:
- Мемлекеттік рәміздер туралы Заң мемлекеттік органдардың ғимараттарында Ту мен Елтаңбаны міндетті түрде тұрақты орналастыруды көздейді. Ту мен Елтаңбаның өлшемдері ғимараттың биіктігі мен сәулеттік ерекшеліктеріне байланысты, мысалы, бір қабатты ғимаратта немесе ғимараттың кіреберісіндегі маңдайшада диаметрі 500 мм Елтаңба, 1*2 метр жалауша орнатылады, екі қабаттан бес қабатқа дейін Елтаңба диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін, төбесінде 1*2 метр жалауша орналастырылады,- дейді басшы,- Мысалы, мемлекеттік рәміздерді дұрыс орналастырмау, жарықтандырудың болмауы, стандарттарды бұзу түріндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға енді жергілікті атқарушы орган құқылы. Яғни, егер бұзушылық тіркелген болса, ӘПО қызметкері факт бойынша хаттама жасауға және аудан немесе ауылдық округ әкіміне одан әрі шешім қабылдауға құқылы.Егер мемлекеттік рәміздердің болмауы түріндегі бұзушылыққа жол берілсе, онда хаттаманы ішкі істер органдары жасайды.Егер заңнама мен стандарттарға сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделсе, онда мемлекеттік рәміздерге тіл тигізу үшін қылмыстық іс жүргізіледі.Айта кетейін, ҚР Қылмыстық кодексінде 372 бап бар – мемлекеттік рәміздерді қорлау. Оның санкциясында 2000 АЕК дейін айыппұл немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған,- деп түсіндірді басшы.
Мемлекеттік рәміздер еліміздің Конституциясында анықталған және әрбір басшы, әсіресе мемлекеттік мекеме заңнамалардың барлық талаптары мен нормаларын сақтауға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі саясат бөлімі жылына 2 рет "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының сақталуына мониторинг жүргізеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане