Мекеме басшыларымен семинар өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_9_9-2021_3.jpgМемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.


Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Бейімбет Майлин ауданының әкімдігінде мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен «Ауданның мемлекеттік мекемелерінің қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Аталмыш семинардың күнтәртібінде келесідей тақырыптар талқыланды: тілдерді оқыту орталығы қызметі мен міндеттері туралы, сондай-ақ, құжат айналымын мемлекеттік тілге аудару жөніндегі проблемалар мен мәселелері, мекемелерде көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеу бойынша «ҚР тілдері туралы» заңды сақтау туралы,сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту бойынша баяндамалар оқылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане