Бораннан кейінгі ауыл машақаты

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_9_9-2021_8.jpgАймақ тұрғындарын әбігерге салған ақ боран басылғанымен, қар тазалау машақаты азаймай тұр.


Айналаны ақ көрпеге орап, қара суығын қарлы боранмен араластырып, қылышын сүйретіп жеткен қыс қаһарына енді мінді. Наурыздың қақаған аязында жұртшылықтың уайымы – көше тазалығы. Осыған орай біз Калинин ауылдық округінде атқарылып жатқан қар тазалау жұмыстарының жай-күйімен таныстық.
Мамандар көшені қар басып қалмауы үшін білек сыбана іске кірісуде.Береговое ауылына 2, Нагорное ауылына 1 және Юбилейный ауылына 3 арнайы трактор жұмылдырылып, жұмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда.
- Биыл қар қалың жауып жатыр. Осының салдарынан ауылдағы қар тазалау жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларда тыным жоқ. Жұмысшылар ауыл көшелерін қалың қардан тазалап, көше қиылыстары мен қауіпті айналмаларға қиыршық құм сепкен. Қазіргі таңда арнайы көліктер бөлініп, қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр,- дейді ауылдық округ әкімі Алина Испулова.
Иә, ауыл тазалығы тұрғындардың да жіті назарына алынып, жұмыс қызу жүргізілуде. Өйткені, көше тазалығы – қаланың көркі, халықтың қамы.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане