«Бала тілі - бал»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_23_21-2021_4.jpg«Тілімді білсең – жанымды түсінесің» демекші, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерімен ұйымдастырылған дәстүрлі «Бала тілі- бал» аудандық байқауы онлайн өткізілді.


Сайысқа қатысуға ауданымыздағы аталған балабақшадан 4 тәрбиеленушілері тілек білдірген болатын.
Байқаудың мақсаты — өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, бүлдіршіндер арасындағы талантты, өнерлі балаларды анықтап, мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беретін мекемелердің мемлекеттік тілді үйрету деңгейін анықтау болып табылады.
Сынға түскен бүлдіршіндер екі бөлімнің тапсырмасы бойынша бақтарын сынады. Өзі туралы өлең жолымен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ қазақ тілінде тақпақ, ән айтты. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша: Май бөбекжайының тәрбиеленушісі - Тамара Ерохина бас жүлдеге ие болды. І орын – «Балдәурен» бөбекжайының тәрбиеленушісі – Марина Юрьевна Кох. ІІ орын – Калинин бөбекжайының тәрбиеленушісі – Ксения Нурболатова. ІІІ орын – «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиеленушісі – Николай Кулагин. Барлық қатысушылар сыйлықтар және мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларды дайындаған тәрбиешілер мен мұғалімдер де алғыс хаттармен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане