«Интернеттегі қорлау - қылмыстық жауапкершілік»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_23_21-2021_1.jpgБіз қазір көп уақытымызды әлеуметтік желілерде өткізе бастадық, бұл бәрімізді өте жақын етуде.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде адамды қорлағаны үшін, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту , бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
Осыған орай жастар ресурстық орталығының заңгері белсенді жастармен және аудан еріктілерімен түсіндірме жұмысын өткізді. Яғни, интернеттегі қорлаудың қаншалықты жауапкершілігі мол екенін және қандай жаза күтіп тұрғанын нақтылап кетті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане