«Есімі өшпес жүректе»

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_-.jpg

Ұстаздарсыз
жүректерге гүл еккен,
Адалдықты
көкіректе түлеткен.
Сіздің биік рухыңызға бас иіп,
Еске аламыз
сағынышты жүрекпен.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да ұстаздан білім алған. Б.Майлин орта мектебінде осы ұстаздық жолда ұзақ еңбек етіп, өзінің саналы ғұмырында сапалы шәкірт тәрбиелеумен айналысқан Аққенже Қарымсакованы танымайтын жан кемде-кем. Жарқын бейнесі әрбір шәкіртінің есінде мәңгі сақталатыны хақ.
Ақкенже апайымыз 50 жыл мұғалімдік қызметте табысты еңбек етіп, бүгінде ел ішінде түрлі салада еңбек етіп жүрген шәкірттер тәрбиеледі. Оның рухани жан дүниесі таза, адамға деген мейірімі мол жан еді дейді шәкірттері.
Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Ақкенже апайымыз жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Ақкенже апайымыздай ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов "Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім" демекші Аққенже апайымыздың шәкірттерге берген білім зор десек болады.
28-ші маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында еңбек жолын аудандық газетпен байланыстыра білген тұлға Аққенже Қарымсақованы еске алудамыз. Есімі ел есінде болатын ұстаз һәм тіл жанашыры бүгінде көзі тірі болғанда редакция қызметкерлеріне өзінің жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпатын тарту ететін еді...


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане