«Тұрмыс» жедел - алдын алу профилактикалық іс – шарасы

Бейімбет Майлин аудан аумағында республикалық «Тұрмыс» жедел – алдын алу профилактикалық іс – шарасын өткізу аясында қылмыстық ахуалды оңалту, отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға жол беретін, спирттік ішімдіктерге салынған адамдарды анықтау және оларды полиция бөлімінің есебіне қою бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралары жүргізілуде. ЖПҚБ қызметкерлері тарапынан тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім барлық адамдарды және қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жедел профилактикалық іс – шараның барысында отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасаған азаматтар анықталған жағдайда оларға қатысты қорғау нұсқамасы және құқық бұзушының мінез – құлқына ерекше талап орнату сияқты профилактикалық шаралар атқарылуда.
Сондай – ақ, полиция қызметкерлері жедел алдын – алу профилактикалық іс – шарасын өткізу барысында халық арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане