Полиция қызметкерін мереке күні қарсаңында еске алды

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_25_24.06_8.jpg

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді.
Олардың қатарында, ауданымыздың полиция қызметкерлері де бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. 23 маусым – полиция қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері дүниеден өткен полиция аға сержанты Балтабай Мұқановтың жары Сәуле Мұқанованы құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.
-Барлық полиция қызметкерлерін келіп жеткен мерекелерімен шын жүректен құттықтағым келеді. Елімізге адал қызмет еткен қызметкерлеріңізді ұмытпай, ескеріп жатқандарыңызға алғыс білдіремін. Көзі тірісінде тек адал еңбек ету керек, атқарып жатқан жұмысты жақсы көру керек, жауапкершілікпен қарау керектігі туралы айтып жүретін. Барлықтарыңызға отбасылық бақыт, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін,- деді Сәуле Мұқанова.
Балтабай Мұқановтың әрдайым аудан халқының тыныштығы үшін жасаған адал еңбегі ешқашан ұмытылмайды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане