Абыройлы істің иесі

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_25_252022-3.jpg

Мемлекеттік қызметшілерге саяси реформалармен жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Осы санымызда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде қызмет етіп жүрген Анна Вячеславовна Савина туралы айтатын боламыз. Анна 1987 жылы 3 сәуірде Әйет ауылында дүниеге келген, 2005 жылы Бейімбет Майлин атындағы орта мектебін бітірген.
2009 жылы Рудный Индустриалдық Институтын "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғарғы оқуын тәмамдаған. 2012 жылы "Көкше" академиясын "Есеп және аудит"мамандығы бойынша аяқтады.
Анна жұмыспен қамту бөлімінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Анна қызмет көрсететін халықтың санаты-мүмкіндігі шектеулі адамдар. Протездік-ортопедиялық, техникалық компенсаторлық құралдармен, жүріп-тұру құралдарымен, санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
- Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір деп білемін. Мен үшін мемлекеттік қызметкер болу үлкен жауапкершілік. Себебі, бізге сенім артып отырған халықтың, көмекке мұқтаж жандардың сенімін ақтау, адал болу, мен үшін ең жауапкершілік болып табылады- дейді Анна.
Анна маусым айында облыстық “Үздік қызмет көрсетуші” жарысына қатысып, жүлделі 2-ші орынды иемденді. Аталмыш жарыста қорғаған жобасы “Ең алдымен адамдар” деп аталады.
- Жарыста көптеген қатысушылар өз бақтарын сынады, барлығы бір-бірінен өткен мықтылар. Мен үшін 2-ші орын жеңіс деп білемін, себебі, жобамның үздік болғанына сенімдімін, себебі, мен үшін расымен де менің адамдарға көрсететін қызметім маңызды-, дейді Анна.
Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерсек, бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отан сүйгіштігімен, қызметте қажыр-қайратымен және кез-келген ортада үлгі болуы керек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане