Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_25_252022-4.jpg

Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Адамгершілікті, патриоттық сезімді, заңдылықты бұлжытпай сақтап, халқының алғысына ие болып жүрген «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Деткова Елена Александровнамен мемлекеттік қызметкерлер күні мерекесі қарсаңында жолыққан едік.
Елена Александровна академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 1995 жылы 3 сәуірде "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әскери-есеп үстелінің инспекторы болып жұмысқа орналасып, содан кейін АХАЖ меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 2005 жылдың қаңтар айынан бастап «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып қызмет жасайды. Ол үш баланың анасы.
Елена Александровна мемлекеттік қызметте 27 жыл еңбек еткен.Бірнеше рет мемлекеттік қызмет жүйесінде адал еңбегі үшін аудан әкімі мадақтамаларымен, мерекелік медальмен марапатталған.
Елдегі мемлекеттік қызметшілердің рөлі зор. Өйткені, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекет жүргізіп отырған саясаттың жетекшісі болып табылады. Негізінен, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы заңдарда мемлекет белгілеген құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Кез келген қоғамда мемлекеттік басқаруды мемлекеттік қызметшілер ұйымдастырады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі.
Елена Александровнаның айтуынша, «Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан кең ауқымды білімді, үлкен жауапкершілікті және ұстамдылықты талап етеді. Негізінен, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы заңдарда мемлекет белгілейтін құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен кәсібилігіне сенетін адамдарға қызмет ету парызымыз. Адамдардың өмір сүру деңгейі мен жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасына байланысты. Әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, қазақстандық мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне зор денсаулық, жақсылық пен бейбітшілік, амандық пен табыс тілеймін!»
Құрметті мемлекет қызметкерлері! Мемлекет жоғары мамандандырылған, ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқармасы болған жағдайда ғана табысты болып гүлденеді. Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттілікті, демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Қызметтеріңіз бен мемлекеттік қызметке деген адалдық үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа арналған игілікті еңбегіңізге жетістік және кәсіби шеберлігіңіздің артуына шын жүректен тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане