Тобыл мерекесі жоғары дәрежеде өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_32_32-2022_8.jpgТобыл кентінде Тобыл күні мен Көлік және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады.


Мерекелік салтанатты құттықтаумен ашқан Тобыл кенті әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы қадірлі де қасиетті өлкеміз Тобылдың дамуына, гүлденуіне үлес қосқан белсенді азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісін тобыл теміржолшылары да асыға күтеді. Себебі, дәстүр бойынша теміржолшылар күні - теміржол көлігі тасымалы саласында еңбек еткен, әлі де қызмет етіп жүрген, кешегі-бүгінгі барша теміржолшыларды біріктіретін мереке. Сонымен қатар, әрине бұл күн өзін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерімін деп атайтын жүз мыңдаған адам үшін айрықша маңызы бар мереке, магистраль майталмандарының ерен еңбегі еленіп, мерейі үстем болатын күн. Теміржол қай уақытта да мемлекеттің шаруашылық және өндірістік дамуында экономикалық және сауда байланыстарын кеңейтудегі негізгі саласы болып қала береді. Ал осы салада қызмет ететін еңбеккерлер қоғамда зор сый-құрметке ие. «Қазақстан теміржолының 25 жылдығына» орай теміржолшы қызметкер түрлі марапаттарға ие болды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Қостанай бөлімшесі» филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Исмаилов Ілияс Әнуарұлы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалы – «магистральдық желінің Қостанай бөлімшесі» директорының орынбасары Байғанин Нұрлан Әлімжанұлы теміржол көлігіндегі көп жылғы және адал еңбегі үшін «Адал еңбегі үшін» белгісімен, кәсіби дәрежелі «Үздік маман» атағы, «Кәсібі бойынша үздік» төс белгісімен және алғыс хаттармен теміржолшыларды марапаттады. Мәртебелі марапатпен темір жол көлігі қызметін жетілдіру мен дамытуға, сеніп тапсырылған мүлік және жүк, багаж сақтау, жолаушылар өмірін, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жігерлі іс-әрекеттерімен ең жоғарғы нәтижелерге қол жеткізген темір жол көлігінің қызметкерлері марапатталды. Тобыл теміржол басшыларыда өз еңбеккерлерін құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Ал «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздары музыкалық ән-билерін тарту етті. Еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық – бұл әрбір теміржолшының бойынан табылатын қасиеттер. Марапатқа ие болып отырған әрбір теміржолшы оған лайық!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане